Главная arrow Тексты песен arrow К arrow Космонавтар жыры
Главное меню
Главная
Тексты песен
Прислать текст
Словарь
На сайте
Сейчас на сайте находятся:
6 гостей
Космонавтар жыры Печать E-mail
с. Сейфолла Оспановтікі,
ә. Рақпан Байқоңыровтікі

Жаз айы жазиралы гүл шашқанда,
Корабль шықты самғап нұрлы аспанға.
Бар әлем құшақ жайып, созды қолын,
Қырандар космос жақтан сырласқанда.

Космонавтар - жас қырандар,
Жайды құшақ дос-жарандар.
Арта берсін Отан даңқы,
Құттықтайды әлем халқы!

Құшақтап қырандарды барлық әлем,
Қарсы алып, жолдап жатты мыңдап сәлем.
Отанның ұл-қызына арнап жазған,
Шарықтай түсті біздің жалынды өлең.

Космонавтар - жас қырандар,
Жайды құшақ дос-жарандар.
Арта берсін Отан даңқы,
Құттықтайды әлем халқы!

Ержүрек бала өсірген асыл ана,
Думанды той шалқыды Москвада.
Айтылып жатыр бүгін шын жүректен,
Мың алғыс ағайынды қырандарға.

Космонавтар - жас қырандар,
Жайды құшақ дос-жарандар.
Арта берсін Отан даңқы,
Құттықтайды әлем халқы!

 
« Пред.   След. »