Главная arrow Тексты песен arrow Қ arrow Қайран жастық
Главное меню
Главная
Тексты песен
Прислать текст
Словарь
На сайте
Сейчас на сайте находятся:
10 гостей
Қайран жастық Печать E-mail
Кенен әні

Бұл-бұл ұштың көзімнен қайран жастық,
Асық ойнап жас күнде тайраңдастық.
Сабау қамшы, шыбықты ат қып мініп,
Желмен ұшып құспенен біз жарыстық,
Қайран жастық-ай!

Қайғы-уайым бар ма еді жас күнімде,
Кешке дейін ойнаушы-ек тас түбінде.
Елу менен алпысқа жеткеннен соң,
Еріншектей кез болдық қаскүнемге.
Қайран жастық-ай!

Бала тілді алмаса беттен алып,
Келін тілді алмаса кердең қағып.
Кемпірім де соларға қосылып-ап,
Отырарсың амалсыз жалғыз қалып.
Қайран жастық-ай!

Жақсы көріп алғанды, бергің келмес,
Бет алдына ерігіп жүргің келмес.
Жасың жүзге жетсе де жаның тәтті,
Қара жердің қойнына енгің келмес.
Қайран жастық-ай!

 
« Пред.   След. »