|
с. Төлеген Мұқаевтікі ә. Жұматай Тезекбаевтікі
Табайын деп түнді іздеп күн келеді, Күн соңынан ентігіп түн келеді. Бірін-бірі осылай қуысумен, Дөңгелейді уақыттың дөңгелегі.
Біз үшін де сан жылдар дөңгеледі, Әр жыл алға өз жүгін өңгереді. Шыр-көбелек осылай айналдырып, Зыр жүгіртіп келесің сен де мені.
Кезім бе екен уақыттан сыр ұқпайтын, Жүрегімде жүре ме тұнып қайғым. Күн мен түндей өте ме тағдырымыз, Бұл дүниеде ешқашан жолықпайтын.
|