Главная arrow Тексты песен arrow Ш arrow Шақыр, жаным
Главное меню
Главная
Тексты песен
Прислать текст
Словарь
На сайте
Шақыр, жаным Печать E-mail
с. Бақыткерей Ысқақовтікі
ә. Әлия Смағұлованікі

Жүректе гүл боп ашыласың,
Қалайша сырды жасырамын.
Өзіңді күтіп елеңдеумен,
Алдағы күнге асығамын.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.

Аңсайды жалғыз көңіл сені,
Қол жетпес болма көгімдегі.
Толқын боп сені тербетейін,
Аққусың қонған көлімдегі.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.

Арманым қашан сен келесің,
Құшақта қашан тербелесің.
Билейік, сәулем, тойымызда,
Ақ көйлек желмен дөңгелесін.

Көзің – көңілімнің нұры,
Жаның – жүректің жыры.
Алыс жүріп жабырқадым,
Шұғыла шашып шақыр, жаным.
 
След. »